Оралда аттракциондағы оқиғадан зардап шеккендерге көмек көрсетіледі

Оралдағы аттракционда болған оқыс оқиға кезінде зардап шеккендерге көмек беріледі, деп хабарлайды «Хабар 24».

Қажет болған жағдайда өтемақы төленеді. Саябақ басшылығы осылай деп мәлімдеді. Кеше бұл аттракциондағы құрылғылардың бірі кілт тоқтап қалып, онда отырған бүлдіршіндер жазым бола жаздаған. Абырой болғанда, тек дене жарақатын алған. Саябақ әкімшілігі мұндай оқиға кейінгі 10 жылда болмағанын айтады. Ал олқылықты мамандар тексеруге кіріскен.