Қазақстан Қырғызстанға гуманитарлық көмек ретінде 10 мың тонна ұн жібереді

Бұл туралы Қазақстан Президентінің баспасөз хатшысы Берік Уәли фэйсбуктегі парақшасында жариялады.

«Қырғызстан Республикасымен арадағы дәстүрлі достық, одақтастық және стратегиялық серіктестік қағидаттарды басшылыққа ала отырып, Президент Қасым-Жомарт Тоқаев бауырлас қырғыз еліне Қазақстан халқының атынан гуманитарлық көмек көрсетуге шешім қабылдады», – делінген хабарламада. Мемлекет басшысының тапсырмасын Үкімет орындауға кірісіп кетті.