Алматыда құтқарушылар аллеясы ашылды

Алматыда Отан қорғаушы күніне орай төтенше жағдай саласы қызметкерлеріне арналған аллея ашылды.

Демалыс орнына жалпы аумағы 0,4 гектар жер бөлінді. Аллея Бөгенбай батыр көшесінің бойында орналасқан. Оған 500 түп ағаш отырғызылды. Алдағы уақытта жаяу жүргіншілер жолы салынады, орындықтар қойылып, көгал төселеді. Келушілерге жайлы жағдай жасалады.

Айта кетейік, қаланың құтқарушылары орта есеппен жылына 3 мыңнан астам шақыртуға барады. Апат болған жерден адамдарды құтқарып, өмірлеріне қауіп төндіреді. Соған қарамастан мамандықтарына әрқашан адал. Сондықтан жергілікті билік мерекеге орай сала өкілдеріне арнайы құрмет көрсетуді жөн деп санаған.