Петропавлда соғыс ардагері полиция қызметкерлеріне «Ерлік» сабағын өткізді

Бабалар ерлігін ұлықтауға арналған шараның басты кейіпкері – жүз жасаған жауынгер Никита Семенов.

Қарт майдангер тәртіп сақшыларына сұрапыл соғыс кезінде басынан кешкен түрлі оқиғаларын айтып берді. Өзі мерген болған. Ал соғыстан кейін ішкі істер органдарында қызмет еткен. Бұдан бөлек, кездесуге тыл еңбеккерлері де келді. Жиынға қатысушылар майдан даласында қаза болғандарды бір минут үнсіздікпен еске алды. Кейін солдат шинельдерін милициялық погондарға ауыстырған солтүстікқазақстандық ардагерлер туралы фильмді тамашалады.

Жанат Сұлтанов, облыстық ПД басқармасының бөлім бастығы:

– Жас қызметкерлерді тәрбиелеу, тарихта естеліктерді қалдыру үшін бүгін осындай шараны ұйымдастырып отырмыз. 101-ге келген ардегеріміз ішкі істер органдарында 20 жылдан астам қызмет еткен. Енді соған қарап, біз де соған жетуге, онымен бірге қызметті адал атқаруға тырысамыз.