Коронавирус: 122 науқас өкпені жасанды желдету аппаратында жатыр

12 мамырдағы мәлімет бойынша елімізде 40 056 адам коронавирус инфекциясынан (39 671 КВИ+ және 385 КВИ-) емделуде.

Олардың ішінде 14 495 пациент стационарда, 25 561 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.

КВИ+, КВИ- жұқтырғандар арасында:

  • 799 адамның жағдайы ауыр,
  • 192 пациенттің жағдайы өте ауыр,
  • 122 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.