БҚО-да 15 мамырдан бастап блок-бекеттер алынады

Батыс Қазақстан облысында 15 мамырдан бастап блок бекеттер алынады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Айдың басында Орал қаласы мен алты ауданның аумағындағы кірер жолдар жабылған еді. Жаңа қаулыға сай енді түнгі қозғалысқа да шектеу жоқ. Соңғы аптада вирус жұқтыру көрсеткіші 7% төмендеген. Бірақ арқаны кеңге салуға ерте. Адам көп жиналатын іс-шаралар мен той-томалақ өткізуге тыйым бар. Санитарлық талаптардың сақталуы міндетті. Өйткені облыс әлі де «қызыл» аймақта.

Нұрлыбек Мұстаев, облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары:

- Егер де бұрын жұмыс жасамаған нысандарымыз боулинг, биллярд, компьютер клубтары банкет залымыз, караоке бұрын жұмыс жасамаса, қазіргі таңда «Ашық» пилоттық жоба енгізгеннен кейін рұқсат етілген болатын бұл нысандарға жұмыс жасауға. Сонымен қатар сенбі-жексенбі күндері сауна, СПА-орталықтары кинотеатрлар бар спорттық кешендер барлығы да сенбі күні жұмыстарын тоқтатса, ашық пилоттық жобамен рұқсат етілген болатын. Және де қоғамдық тамақтану орындары жазғы алаңдарға да рұқсат етілген.