Алматыда ҚХА төрағасының орынбасары этномәдени бірлестіктердің өкілдерімен кездесті

Іс-шара барысында Ассамблеяның 29-сессиясында берілген тапсырмалар мен бірлестіктердің бірлескен жобаларын іске асыру жолдары пысықталып, алдағы міндеттер талқыланды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Басты мақсатымыз – ел бірлігі мен ынтымағын нығайтуға атсалысып, қазақ тілін дамытуға үлес қосу дейді жиналғандар. Сондай-ақ олар алдағы уақытта түрлі қайырымдылық акциялар ұйымдастыруды жоспарлап отыр.

Марат Әзілханов, ҚХА төрағасының орынбасары:

– Жұмысымыз, мақсатымыз бір. Әлеуметтік мәселелер бар. Қоғамдағы болып жатқан мәселелердің, сұрақтардың біріне белсенді қатысу, араласу, оның бәрі талқыланатын болады. Бұл жұмыс бірлесіп жалғастырылады.