427,82 518.00 5.92
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Мүмкіндігі шектеулі жандар вакцинаны үйде ала алады

  • 127
  • UPD: 11:41, 21.05.2021
Мүмкіндігі шектеулі жандар вакцинаны үйде ала алады

Енді мүмкіндігі шектеулі жандар вакцинаны үйде ала алады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Оларға Ресейлік Sputnik V ұсынылмайды. Себебі бұл вакцинаның бір бөтелкесі бес адамға арналған. Оларға тек отандық QazVac немесе Hayat-Vax екпесі салынады. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігі санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің ресми өкілі Ержан Байтанаев айтты. Тағдыр тәлкегіне ұшыраған жандар тұрғылықты жері бойынша медициналық мекемеге хабарласып, телефон арқылы өтініш қалдырады

Хабар 24 телеарнасы