ҚР ақпарат және қоғамдық даму министрінің бұйрығымен Айжан Болатқызы Шайназарова ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі аппаратының басшысы лауазымына тағайындалды.
Бұл туралы ҚР премьер-министрінің баспасөз қызметі хабарлайды.
Айжан Шайназарова 1971 жылы Алматы қаласында дүниеге келген.
Санкт-Петербург мемлекеттік университетін, ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының ұлттық мемлекеттік саясат мектебін бітірген, Дьюк университетінде тағылымдамадан өткен.
Еңбек жолын 1993 жылы Жамбыл жеңіл және азық-түлік өнеркәсібі институтының Алматы филиалында аға лаборант қызметінен бастады.
1994-1999 жылдары Қазақ мемлекеттік басқару академиясында түрлі лауазымдарда жұмыс істеді.
1999-2001 жылдары – Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ аға оқытушысы.
2001-2004 жылдары – ҚР Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ұйымдастыру жұмысы және әлеуметтік технологиялар департаментінің талдау және мониторинг орталығының бас маманы, басшысы.
2004 жылғы ақпан-желтоқсан аралығында – ҚР ақпарат министрлігінің Әлеуметтік технологиялар департаментінің талдау және мониторинг орталығының бастығы.
2004-2021 жылдары ҚР Президенті Әкімшілігінде түрлі қызметтер атқарған.
2021 жылдың ақпан айынан бастап қазіргі таңға дейін Нұр-Сұлтан қаласы Есіл ауданы әкімінің орынбасары қызметін атқарды.