Қарағандыда тұрғын үйді салған мердігер 20 млн теңгені қалтасына басқан

Мердігер 20 миллион теңгені үнемдеп, қалтасына басқан, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бірақ қадағалаушы орган материалдың сапасыз екенін анықтады. Мердігер компания басшысы жасаған қылмысын мойындап, шығынды өтейтінін айтқан. Бұл қылмысы үшін ол 5 жылға шартты түрде бас бостандығынан айырылды.  

Дархан Хасенов, облыстық прокуратура басқармасы басшысының орынбасары:

– Прокурорлар 24 млн теңгеден астам сомаға бюджет қаражатын жымқыру фактісін анықтады. Мердігер «Жұмыспен қамтудың жол картасы 2020» бағдарламасы аясында тұрғын үйдің қас бетін қаптау үшін құжат бойынша қымбат материал алатынын айтып, іс жүзінде арзан материалмен қаптай салған. Алдағы уақытта мұндай тексерулер өзге де құрылыс ошақтарында жүргізіледі.