427,15 523.00 5.95
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Асхат Аймағамбетов қазақстандық бүлдіршіндерді мерекемен құттықтады

  • 82
  • UPD: 16:34, 01.06.2021
Асхат Аймағамбетов қазақстандық бүлдіршіндерді мерекемен құттықтады

ҚР білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов қазақстандық бүлдіршіндерді мерекемен құттықтады.

«Қазақстандық бүлдіршіндерді төл мерекесі – Балаларды қорғау күнімен шын жүректен құттықтаймын! Балаларды қорғау күні – бұл жас ұрпақтың қауіпсіздігі, денсаулығы, құқықтары мен бостандықтарына қатысты жауапкершілік туралы тағы бір мәрте еске салатын атаулы күн. Қазақстан балалар құқықтарын қорғаудың халықаралық жүйесін дамытуға белсенді қатысады.

Ел Президенті балалардың құқықтарын қорғау және олар үшін қолайлы жағдай жасау үшін қабылданып жатқан шараларды күшейту міндетін жүктеп отыр. Әлбетте, бұл жұмыстардың барлығы мемлекеттік, сондай-ақ үкіметтік емес ұйымдармен күнделікті негізде жүргізілуі тиіс.

Бүгін Үкімет отырысында балалардың құқықтарын қорғау және олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселесі қаралды. Инклюзивті білім беруді дамыту, балаларды секциялар және үйірмелермен қамту деңгейін арттыру, балалар үйлерінің санын азайту, ыстық тамақпен және қажетті жағдайлармен қамтамасыз ету, балалар үшін қауіпсіз орта құру сияқты кең ауқымды мәселелер көтерілді. Біздің жұмысымыздың басты бағыты – қазақстандық балалардың қауіпсіздігін сақтай отырып, оларға сапалы білім беру.

Қымбатты балалар, мерекелеріңізбен! Сіздерге зор денсаулық, амандық тілеймін. Жазғы демалыста кітапты көбірек оқыңыздар. Демалыстарыңыз жақсы өтсін!», - деп жазды facebook парақшасында.

Хабар 24 телеарнасы