Қарағандыда сауда орталықтары вакцина салғандарға 10% жеңілдік жасамақ

Қарағандыда вакцинаның екі компонентін алғандарға сауда орталықтары 10% жеңілдік бермек, деп хабарлайды «Хабар 24».

Тіпті алған тауарды үйге дейін жеткізіп беру қызметі тегін. Бұл бастаманы жергілікті әкімдік пен бизнес өкілдері бірлесіп атқармақ. Мақсат – коронавирусқа қарсы қоғамдық иммунитет қалыптастыру. Еске салсақ, Қарағанды облысы ел бойынша «қызыл» деңгейлі екі облыстың қатарында. Өңірде бір тәулікте 205 адам вирус жұқтырған.

Динара Жүрғараева, қала тұрғыны:

- Түсқағаз таңдап отыр едім, паспорт вакцинациясы бар адамдарға келіңдер деді. Келіп тұрмын, вакцинаның арқасында 10% жеңілдік алдым. Бұл екпенің бізге еш зияны жоқ, керісінше пайдалы болады деп ойлаймын.