Оралда нөсер жауын зардабын жою жұмыстары жүріп жатыр

Толассыз жауған нөсер жауын салдарынан қаланың тең жартысы жарық пен сусыз қалды.

Оған қоса, 35 жеке тұрғын үй мен 25 көпқабатты үйге залал келді. Коммуналдық қызмет тәулік бойы жұмыс істеп жатыр. Бірнеше сағат ішінде 500 текше метр жаңбыр суы сорғызылды. Электр желілеріне де айтарлықтай зақым келіп, көшедегі жарықтың 40 проценті өшті. Ай көмек 109 қызметіне жарықсыз қалған 9 мыңдай жеке және мыңнан аса заңды тұлғадан өтініш келіп түскен. Қаланың басты көшелеріндегі автокөлік жолдарын да су шайып, 17 бағдаршам істен шыққан. Қазір қалада жарық пен су желілерін қалпына келтіру жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Мирас Мүлкай, қала әкімінің орынбасары:

− Ең басты мақсат − осы мыңнан астам өтінішті қабылдап, кешке дейін барлық әлеуметтік нысандарды электрмен жабдықтап қосу. Өтемақы бойынша үйлеріне су кірген тұрғындардан 109 желісіне 35 өтініш келіп түсті. Қалалық ТЖБ-мен бірге әр үйге кіріп, нақты тексеріс жасауымыз керек. Сәйкесінше, тексеріс жасаған соң дефектный акт жасалады. Қазір ТЖД және ЖКХ бөлімдерімен бірге біздің мамандар тексерісте жүр.

Сондай-ақ...