Александр Муха: Елімізде шетел азаматтарының құқығына назар аудару қажет

9 маусымда Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Қазақстанның адам құқықтары саласындағы одан әрі шаралары туралы» Жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Осыған байланысты ақтаулық қоғамдық қор басшысы Александр Муха шетел азаматтарына да назар аудару қажеттігін айтады. Оның айтуынша, көбіне Өзбекстан және Тәжікстаннан келетіндер құлдыққа тап болады. Мәселен, былтыр 16, ал жыл басынан бері 8 жағдай тіркелген. Оларды жалақысыз ауыр жұмыстарға, құрылысқа, үй шаруашылығына жұмсаған. Сондықтан Александр Муха бұл бастама осы жағдайды өзгертуге мүмкіндік береді деп үміттенеді.

Александр Муха, қоғамдық қор басшысы:

- Президент Жарлығында адам құқығы жайлы айтылып, осы бағыттағы шаралардың қабылданғаны қуантады. Әр жылдың 25 қаңтарында атқарылған іс бойынша есеп тыңдалады. Мен 2004 жылдан бері осы салада қызмет етіп келемін. 17 жылдық тәжірибемде түрлі жағдайды көрдім. Бұл Жарлық үміт сыйлады.