Соңғы 30 жылда елімізде 169 млн шаршы метрден астам тұрғын үй салынды

Тәуелсіздік жылдары Қазақстанда 169 млн шаршы метрден астам тұрғын үй салынды.

Егемендік алғаннан бері елде 1,5 млн азамат үшін тұрғын үй жағдайы жақсартылды. Тек 2017-2020 жылдар аралығында «Нұрлы жер» мемлекеттік тұрғын үй құрылысы бағдарламасы аясында 52 млн шаршы метр немесе 470 мың үй мен пәтер салынды.