Президент шілденің ортасында бір аптаға демалысқа кетеді

Қазақстан президенті Қ.Тоқаев шілде айының ортасында демалысқа кетеді.

Баспасөз хатшысы Берік Уәли президенттің шетелге шықпай, Қазақстанда болатынын жеткізді.

Былтыр пандемияға байланысты Қасым-Жомарт Тоқаев демалыссыз жұмыс істеді. 

Мемлекет басшысы қызметке кіріскен сәттен бері екі жыл ішінде 2019 жылдың шілдесінде ғана үш күндік қысқа мерзімді демалысқа шыққан болатын.