Оралда бау-бақша өнімдерінің сапасы тексеріліп жатыр

Оралда эпидемиолог мамандар бау-бақша өнімдерінің сапасын тексеріп жатыр.

Дәл қазір аймақта қарбыз бен қауынның саудасы қызып тұр. Мамандар жол бойында сатылып жатқан өнімдерді алмауға кеңес береді. Өйткені, бақша өнімдері көліктерден шығатын газ құрамындағы ауыр металдарды өзіне оңай сіңіріп алады екен. Әрі ондай жерлерде тазалық сақталады дегенге де сену қиын. Акция барысында қауын-қарбызбен қатар өзге де жеміс-жидек құрамындағы нитрат мөлшері тексерілді. Мамандар бұл бағыттағы жұмыстарды жаз бойы өткізіп тұрмақ.

Майрагүл Бектемірова, қалалық Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының бас маманы:

– Орал қалалық Санитарлық- эпидемиологиялық басқармасы мамандары ұлттық лаборатория лаборанттарымен апта сайын акция өткізуде. Акция мақсаты – «Қауіпсіз тағам таңда!». Яғни көкөніс, бау-бақша өнімдерін нитратқа алу. Қазіргі таңда бақылау нәтижесі бойынша көкөністер мен бау-бақша өнімдерінің сапасы жақсы нәтиже көрсетіп тұр