Алматыда ковид анықталған ПТР тесттер Ұлттық сараптама орталығына тексеруге жіберіледі

Алматыда балалар алаңдары мен үйлердің кіреберісінде және лифтілерде күнделікті дезинфекция жүргізіледі.

Қаланың бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшин жаңа қаулыға қол қойды. Бұдан бөлек әрбір соңғы аялдамада автобус және метро вагондарында дезинфекция жүргізіліп тұруы тиіс. Сонымен қатар оң нәтиже көрсеткен барлық ПТР тест Ұлттық сараптама орталығына жіберіледі. Осы арқылы вирустың мутацияланған түрінің бар-жоғы тексеріледі. Егер адамдардың қолында вакцина алғаны жайында паспорт болса, ол кезде бір жерде отырып, жиналыстар өткізуге де рұқсат. Құжат алдағы дүйсенбіде күшіне енеді.