Атырау базарларында зиянды химиялық қоспасы бар қарбыздар сатылған

Аймақтың өз өнімі тек шілде айында ғана тұтынушыға жетеді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ол уақытқа дейін оңтүстіктен келген өнімді тұтынуға мәжбүр. Тексеріс барысында мамандар дақыл құрамындағы нитраттың мөлшері шамадан тыс көп екенін анықтады. Ал нитраттың адам ағзасына зияны көп. Мөлшерден асып кетсе белсіздік, қатерлік ісік ауруларына себепші болуы әбден мүмкін. Мамандар осылай дегенмен, кәсіпкерлік субьектілеріне қатаң жаза колдана алмайды. Тек заңға сәйкес қауіпті өнімдерді жоюға нұсқау берді.

Ернар Әбілқайыров, қалалық СЭББ бөлім басшысы:

- Енді өнім қауіпсіздігіне мониторинг шеңберінде Атырау қаласында орналасқан «Дина» базарына қарасты көкөніс және бау-бақша сату орындарынан өнім сатып алынып, ұлттық сараптама орталығына жіберілген болатын. Қорытындысы жаңа айтқанымыздай, қарбыз өнімдерінен екі еседен 4 есеге дейін жаңағы нитрат көлемі артық екені анықталды.