ЛРТ құрылысына $ 1 млрд қажет – елорда әкімі

ЛРТ құрылысына әлі де 1 млрд доллардай қажет.

Елорда әкімі Алтай Көлгінов осылай деді. Оның айтуынша, құрылыс қайта жанданған. Мердігерлер қорда қалған азын-аулақ ақшаға жұмыс істеп жатыр.

«Оған дейін жобаны толық бітіруге қажет қаражат табылып қалар», - дейді қала басшысы. Ол үшін банктер арасында конкурс өткізіп жатыр екен. Бірақ оның қашан аяқталары белгісіз. «Бір анығы – құрылысқа қажет қаражатты зейнетақы қорынан алмаймыз», - деп сендірді.

Алтай Көлгінов, қала әкімі:

- Мердігерлерге қойылатын талаптар сол күйінде қалды. Осыған дейін келісімшартта не көрсетілді, мердігерлер соны орындауы керек. Әзірге құрылыс қарқынды жүріп жатыр деп айта алмаймын. Біз қажет қаржыны тапқан кезде ғана құрылыс қарқын алады.