Аида Балаева БҰҰ-ның Қазақстандағы Тұрақты үйлестірушісімен кездесті

Бүгін ҚР ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева БҰҰ-ның Қазақстандағы тұрақты үйлестірушісі Микаэла Фриберг-Стори ханыммен кездесті.

Кездесу барысында А.Балаева БҰҰ-ның Қазақстандағы Тұрақты үйлестірушісін Министрліктің жетекшілік ететін салалары бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстары туралы хабардар етті. Өз кезегінде Микаэла Фриберг-Стори министрліктің жұмысына оң баға беріп, БҰҰ-ның 27 агенттігінің атынан бірлескен жұмысқа қолдау көрсетуге дайын екенін білдірді.

Сонымен қатар ол Қазақстанның БҰҰ-ға мүше болуының 30 жылдығын атап өту жөніндегі іс-шараларға дайындық барысы туралы хабарлады. Кездесу қорытындысы бойынша тараптар жемісті өзара іс-қимылға, оның ішінде бірлескен жобаларды іске асыруға өзара бейілділігін растады.

Ақпарат көзі: АҚДМ баспасөз қызметі