Ақтөбеде балалар жол қозғалысы ережесін үйренеді

Ақтөбелік балалар жол қозғалысы ережесін тегін үйреніп жатыр. Тұңғыш Президент атындағы саябақта арнайы «Автоқалашық» жасақталды.

Мұнда кәдімгі жол белгілері, жүргіншілер жолағы, бағдаршамдар қойылған. Мектеп оқушыларымен қатар балабақша тәрбиеленушілеріне де қауіпсіздік шараларын үйрету көзделіп отыр. Бұл жобаны қала әкімдігі мен полиция департаменті және заң институты бірлесіп іске асырып жатыр. Соңғы бес айда балалардың қатысуымен 27 жол апаты болса, бір бала көз жұмды. Болашақта қаланың өзге аудандарында да автоқалашық жасалады.

Еркін Өтеген, облыстық полиция департаментінің бөлім бастығы:

- Қаламыздың балалары, қонақтары кез келген уақытта осы жерге келіп, жол қозғалысын үйрете алады. Сонымен қатар біздің инспекторлар әрдайым қалалық білім басқармасымен бірге осы жерде жас инспекторлар қоғамымен бірге ұйымдастырған слеттар өткізіледі. Жиналыстар, тағы да басқа викториналар өткізетін болады осы маңда.