Жамбыл облысындағы кандидаттардың 25-і әйел адам

Жамбыл облысында ауылдық округ әкімдерінің сайлауы 38 елді мекенде өтеді.

Саяси науқанға 122 кандидат тіркелді. Енді үгіт-насихат жұмыстары жүргізіледі. Үміткерлердің 38%-і өзін өзі ұсынғандар. Қалғаны саяси партиялардың атынан түсіп отыр. Кандидаттардың 25-і әйел адам. Ауылдық округтерде дауыс беру учаскелері дайын. Мүмкіндігі шектеулі жандарға да қолайлы жағдай қарастырылады.

Серғали Айдапкелов, облыстық сайлау комиссиясының төрағасы:

Қазіргі уақытта уәкілетті органдармен ұсынылған кандидаттардың заңнама талаптарына сәйкестігін анықтау және оларды тіркеу жұмыстары жүргізілуде. Жалпы тіркеу жұмысы үстіміздегі жылдың 14 шілдесінде кешкі сағат 18.00-де аяқталады. Кандидаттарды тіркеуден кейін сайлауалды үгіт жұмыстары басталып, сайлау күні алдындағы күннің 00.00 сағатында аяқталады.