ШҚО: Елеке сазы тағы да ерекшелігімен таң қалдырды

Шығыс Қазақстандағы Елеке сазы жазығынан сақ дәуіріне тиесілі алтын бұйымдар табылды.

Түп тамырымыздан тағы бір айғақ. Бір әшекейде басында тәжі бар және тақта отырған адам бейнеленген. Ал екінші экспонат жартылай ғана сақталыпты.Одан да тәжді адамның сұлбасын көруге болады. Археологтардың пайымдауынша, бұл құнды заттар сол замандағы патшаларға тиесілі екені сөзсіз. Қазір ғалымдар осы жәдігерлердің әр бөлшегін зерттеуге кірісті. Яғни алдағы уақытта тарих қатпарынан хабар беретін тың жаңалықтар жариялануы әбден ықтимал. Жалпы қаған алаңы 2018-ші жылдан бері зерттеліп, өткен жылдан бастап қазба жұмыстары басталған болатын.

Зейнолла Самашев, археолог, тарих ғылымдарының докторы

– Екі алтын салпыншақтар табылды, содан кейін тақта отырған патша, содан кейін тақ, енді әшекейленген керемет ерекше тақ. Бұл енді көне түркі мәдениетін зерттеушілердің алдында бірінші рет ашылып отырған жаңалық. Тақтың бар екенін білетінбіз, бірақ оның түрі қандай, қалай әшекейленді, соны білмейтінбіз.