Әйел адам вакцинаны аяғы ауырлағанға дейін салдырғаны жөн – Ғалымдар

Ресей ғалымдары «ковидке қарсы вакцинаның жүктілікке еш зиян тигізбейтінін» айтады.

Көрші елдің денсаулық сақтау министрлігі ұсынған мәліметке сәйкес, 100 мың әйел бойына бала біткен соң екпе алған. Олардың денсаулығын жіті бақылаған ғалымдар препараттың ешқандай ауытқу тудырмайтынына көз жеткізді. Алайда гинекологтар вакцинаны салдырған соң 2-3 ай өткеннен кейін ғана бала көтеруге кеңес береді.

Лейла Адамян, РФ Денсаулық сақтау министрлігінің акушерлік пен гинекология жөніндегі штаттан тыс бас маман: 

- Жүктілікті жоспарлап жүрген жандардың барлығы толық вакциналаудан өтіп, дайындалуы тиіс. Өйткені аяғы ауырлаған келіншектің ковидпен ауырмайтынына ешкім кепілдік бере алмайды. Сондықтан жүкті болғанға дейін екі не үш ай бұрын коронавирусқа қарсы екпе мен өзге вакциналарды алдын ала салдырып, прогесторон мен дәрумендерді қабылдаған жөн.

Сондай-ақ...