Былтырғы жазда болған жағдайдың қайталануына жол беруге болмайды – Президент

Бірнеше айдың ішінде жаңа инфекциялық ауруханалар салынды, қажетті құрал-жабдық сатып алынды, дәрі-дәрмек қоры жасақталды.

Бұл туралы Мемлекет басшысы еліміздегі коронавирус індетіне байланысты эпидемиологиялық ахуал жөнінде өтіп жатқан кеңес барысында айтты.

«Медицина қызметкерлерін де оқыттық. Енді осының бәрін дұрыс әрі тиімді пайдалану керек. Былтырғы жазда болған жағдайдың қайталануына жол беруге болмайды. Денсаулық сақтау жүйесінің бір қалыпты жұмыс істеуін қамтамасыз ету қажет», - деген Президент осы мәселеде олқылықтар бар екенін айтты.

«Менің тапсырмам бойынша өңірдегі денсаулық сақтау нысандары тексерілді. Оның нәтижесі көңіл көншітпейді. Жаңадан салынған модульді жұқпалы аурулар орталықтары ғана стандарттарға сай келеді», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.