СҚО халқы сайлауда белсенді. LIVE

Сонымен бүгін сайлау 1845  учаскеде өтіп жатыр. Оған 1 млн 200 мыңнан астам сайлаушы қатысу құқығына ие.

Елімізде алғаш өтіп жатқан ауыл әкімдерінің сайлауына солтүстікқазақстандықтар да белсене қатысып жатыр. Дауыс беру учаскелерінің ашылғанына небәрі бірнеше сағат болды. Бірақ таңмен таласа тұрып, малын өріске шығарып салғандар, өз таңдауын жасап үлгірді. Ауылдағы ағайынның көңіл-күйі қалай?

Самат Қайырденұлы, тілші:

- Біз қазір Мамлют ауданының орталығы Мамлютка қаласындамыз. Номері 323 сайлау учаскесі осындағы орта мектептердің бірінде орналасқан екен. Барлық жердегідей таңғы 7-ден дауыс беру басталып кетті. Комиссия мүшелері келушілерді жылы қарсы алып, ережелерді барынша түсіндіріп жатыр. Ең бастысы, халықтың көңі-күйі көтеріңкі екенін байқадық. Жалпы Мамлютка - аудандық маңызы бар қала. Облыс орталығынан 40 шақырым жерде орналасқан. Бүгінгі саяси науқанда өңірдегі сайлаушылары ең көп шахар осы. Мұнда 5300-ден астам адам өз таңдауын жасайтын болады. Бұдан бөлек аталған қалада тағы 3 сайлау учаскесі орналасқан. Карантинге байланысты оларда қандай жағдай жасалған? Ол жайында осындағы жауаптылардан  сұрап білсек.

Самат Қайырденұлы, тілші:

- Ал мен сөз соңында айта кетейін, облыста 174 сайлау учаскесі жұмыс істеп тұр. 218 ауылдың халқы саяси науқанға қатысып жатыр. Яғни 70 ауылдық округпен осы Мамлютка қаласының жаңа басшылары жаңадан сайланатын болады. Жалпы облыстық сайлау комиссияның мәліметі бойынша әзір еш заң бұзышылық тіркелген жоқ. Шара асқан ұйымшылдықпен өтуде.