Ақтөбе облысында 220 мыңнан астам адам коронавирусқа қарсы екпе алды

Ақтөбе облысында коронавирус инфекциясына қарсы екпе алған тұрғындардың саны 220 мыңнан асты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Өңірдің ірі кәсіпорындарынан өзге шағын және орта бизнес саласында да ұжымдық иммунитет қалыптастыру үшін вакциналау барысы қарқын ала бастаған. Мәселен 60 адам еңбек ететін тігін фабрикасында 50 қызметкер екпе алған. Қалғаны созылмалы және өзге де сырқат түрлеріне орай кейін қабылдамақ. Бірқатар киім-кишек түрлерін тігіп, ішкі нарықты отандық өніммен қамтып отырған ұйымда санитарлық талапқа баса мән беруде. Жұмысшылардың дене қызуы өлшеніп, қорғаныш құралдары пайдаланылады.

Әлімжан Жаубаторов, тігін фабрикасының директоры:

- Қалыптасқан эпидемиологиялық жағдайды ескеріп, вакцина алғанды дұрыс деп ұйғардық. Біздің бастамамызды қызметкерлер бірден қолдады. Тіпті, бірлесіп тұрғылықты жері бойынша емханада егілгшендердің қатары күн санап өсті. Бұл өзінің, жақындарының және ұжымдағы қауіпсіздікті ойлағанның белгісі деп білемін.