Польшада пойыз жүк көлігін қағып, 8 адам жарақат алды

Польшада жолаушылар пойызы жүк көлігімен соқтығысып, 8 адам жарақат алды.

Оқиға елдің солтүстік-шығысында Колбасково деп аталатын ауыл маңында болды. Жүк көлігінің жүргізушісі бағдаршамның қызыл түс жанып тұрғанын байқамай жолдан өтпек болған. Осы сәтте келе жатқан пойызд оны қағып, екі вагон рельстен шығып кеткен. 8 адам жарақат алып, тағы 36 адам аман-есен эвакуацияланды. 

Қазір оқиғаға қатысты тергеу жүріп жатыр. Жүргізуші бағдаршамдағы қызыл түсті күннің шағылысуынан байқамай қалғанын айтады