ИКАО Қазақстанның ұшу қауіпсіздігіне қатысты оң баға берді

ИКАО ұйымы Қазақстанның әуе тасымалында қауіпсіздікті қамтамасыз ету деңгейін 84% дейін көтерді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл әлемдегі орташа көрсеткіштен 15% жоғары. Тамыздың басында елдің азаматтық авиациясына жүргізілген аудиттің алдын ала нәтижелері осындай. Есептің толық нұсқасы 45 күннен кейін жарияланады. Аудит негізгі авиациялық заңнама, азаматтық авиация ұйымы, әуеайлақтар және жердегі қызмет көрсету, сонымен қатар әуе тасымалы барысында болған оқиғаларды тексеру сынды салаларда жүргізілді. Елдің авиациялық әкімшілігінің хабарлауынша, Қазақстанда ұшу қауіпсіздігі бойынша елеулі ескертудің болмауы Еуропалық Одақ елдеріне рейстерді еркін орындауға мүмкіндік береді. Сондай-ақ бүгінгі таңда отандық әуе компанияларды Еуропалық комиссияның «қара тізіміне» енгізуге қауіп жоқ.

Питер Гриффитс, Қазақстанның авиациялық әкімшілігі АҚ бас директоры:

– Аудит барысында Қазақстанның әуе кеңістігін пайдалану туралы заңнаманы қолдануы және оның халықаралық стандарттарға сәйкестігі тексерілді. Жалпы аудит 8 негізгі критерий бойынша жүргізілді. Яғни авиация саласындағы негізгі заңнама, заңнамалық актілер мен кәсіби мамандарды тарту мәселелері. Қазақстан барлық критерий бойынша жақсы нәтиже көрсетті.

Сондай-ақ...