Атырау облысында коронавирустың беті қайтты

Атырау облысында науқастар саны азайып келеді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Өткен тәулікте 450 адамның жұқпалы дерттің белгісі анықталған. Ол алдыңғы апталарға қарағанда 100 адамға аз дейді мамандар. Қазір мұнайлы өңірде 1780 науқас ауруханаларда, 8 мыңнан астамы үйінде ем қабылдап жатыр. Жалпы, соңғы 3 күнде жұқпалы дерттің беті қайтқаны байқалады. Оған басты себеп ­ вакцина алушылардың қатары көбейген. Статистикалық мәлімет бойынша ақпан айынан бері қарай Атырауда 170 мың 821 адам бірінші компонентті, 123 мың 801 адам вакцинаның толық курсынан өтті. Екпе жұмыстары жалғасуда. Қазір облыстағы барлық емдеу орындары пациенттерді жоспарлы қабылдауды шектеп, екпе жұмыстарын жаппай қолға алды.

Ербол Меңдіғалиев, облыстық денсаулық сақтау басқармасының бөлім басшысы:

- Өткен тәулікте облыс бойынша 2347 адам екпе алды. Ол тұрғындардың белсендігілінің артқанын көрсетеді. Жалпы, осы екпе жұмыстарын жүргізу үшін облыс бойынша 159 екпе пункті ашылды. Оның 10 - жылжымалы. Қазір де 207 мың 1-компонент, 158 мың 2-компонент вакцина бар. Вакцина жеткілікті. Қосымша 17 тамыз күні 10 доза қосымша келді.