Алексей Цой жарылыстан зардап шеккендердің жағдайын білді

Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Таразда жарылыстан зардап шеккендердің жағдайын көрді.

Қалалық ауруханада болып, науқастар жатқан палаталарды аралады. Министр медициналық көмек көрсетуде ешқандай қиындықтың болмайтынын, қолдан келгеннің барлығын жасалатынын айтты. Қазір Тараз қаласындағы ауруханада төтенше жағдай кезінде жараланған 37 адам жатыр. Оның бесеуі – жансақтау бөлімінде. Екі науқастың жағдайын дәрігерлер ауыр деп бағалап отыр.  

Алексей Цой, ҚР Денсаулық сақтау министрі:

– Медициналық көмекке 98 адам жүгінді. Оның 28-ін ауруханаға жатқыздық. Қалғандарына жарақат бөлімінде тиісті көмек көрсетілді. Көбінің жағдайы тұрақты. Қазір ауруханада жатқандарға көмек барынша көрсетіліп жатыр.