Қош бол, классик!

Әйгілі қаламгер Несіпбек Дәутайұлы 75-ке қараған шағында өмірден озды.

Қазақ әдебиетінің классигі, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері түрлі басылымдарда қызмет атқарды. «Жамбыл» әдеби-көпшілік журналының бас редакторы болды, Қазақстан Жазушылар одағының Жамбылдағы филиалын басқарды. Құрмет орденінің иегері. Халықаралық алаш әдеби сыйлығының лауреаты. Оның шығармалары талай бәйгенің бас жүлдесін алды. Ол «Ақ көгершін», «Алма ағашының бұтағы», «Әнім сен едің» атты повестері мен «Құдірет пен Қасірет» романының авторы. «Көгілдір көйлекті келіншек», «Ойынды еті он бөлек» кітаптары жарық көрген. 2 томдық таңдамалысы, «Аты жоқ әңгіме», «Кісі иесі» кітаптары мен Түркияда шыққан «Жол» кітабы да оқырманның иігілігіне айналды. Оның «Құдірет пен қасірет» атты романы да әдебиетшілер байқауында жоғары бағаға ие болған.