Ashyq: статусы бейтарап адамдар демалыс күндері кейбір нысандарға кіргізілмейді

«Ashyq» қосымшасындағы мәртебесі «бейтарап» азаматтар демалыс күндері сауда ойын-сауық орталықтарына, дәмханалар мен мейрамханаларға кіргізілмейді.

Еліміздің Бас санитар дәрігері Ерлан Қиясов тиісті қаулыға қол қойды.

Жаңа ережеге сәйкес, «көк статусы» бар азаматтар тек әуежай мен теміржол вокзалына, қонақүйлерге, жоғарғы оқу орыны мен колледж ғимараттарына, интернат пен жатақханаларға кіре алады. Облысаралық, қалааралық автобустармен және пойызбен қатынауға да құқылы.