Биыл ауыл шаруашылығы дақылдары 23 млн гектарға егілген

Елдегі егістің жартысына жуығы жиналды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл шамамен 8 миллион гектар жер. Жалпы биыл ауыл шаруашалығы дақылдары 23 миллион гектарға егілді. Оның басым бөлігі – бидай және майлы дақылдар. Қалғаны картоп, мақта, қант қызылшасы және басқалары. Маусымдық жұмысқа республика бойынша мыңдаған арнайы техника жұмылдырылды.

Айта кетейік, жеңілдетілген дизель отынының 1 литрі биыл 156 теңге болып бекітілді. Операторлардың жеткізуін қоса есептегенде, өңірлердегі баға – 177 теңге. Бұл нарықтық бағадан 11% арзан деп сендірді Ауыл шаруашылығы министрлігінің мамандары.