Қызылордада су қоймасы салынады        

Жыл сайын қайталанатын қуаңшылықтан құтылу мақсатында Қызылорда өңірінде су қоймасы салынатын болды.

Бұған диқандар қуанып отыр. Елде су нысандарының экологиялық тепе-теңдігі сақталмайды. Гидрологиялық инфрақұрылымдардың ескіруі және арналардың тазартылмауы тіршілік нәрінің тапшылығына әкелген. Осы мәселелер ел Президентінің Жолдауында нақты әрі дер кезінде айтылды, – дейді су шаруашылығы мамандары. Саланы цифрландырып, қажетті гидромамандар тобын даярлау кезек күттірмес мәселе. Жергілікті университеттің оқытушы құрамы Швейцария ғалымдарымен бірігіп сапалы маман дайындауға кіріспек.

Бақытжан Шаянбекова, техника ғылымдарының кандидаты:

– Су маманы ретінде ауыл шаруашылығы егістіктерін сумен қамтамасыз ету үшін су каналдарын реконструкциялау керек. Ол жақта 40% су ысырап болып жатыр. Өйткені ашық каналдармен су жеткізіледі егіске. Осы мәселені қолға алуымыз керек. Президент Жолдауында бұл туралы толық айтылды.