Оралда медицина қызметкері вакцина төлқұжатын заңсыз жасаған

Бұл туралы Қаржы мониторингі агенттігі мәлімдеді.

Емхана маманы «Вакцинация» электронды модуліне жалған мәлімет тіркеп отырған. Заңсыз қызметі үшін кемінде 15 адамнан пара алған. Құпия тапсырыс бергендердің көбісі мектепке дейінгі білім беру мекемелерінің қызметкерлері мен кәсіпкерлер екен. Полиция қазыр мән-жайды анықтап жатыр. Жалпы, ел бойынша осындай 26 қылмыстық іс тергеліп жатыр. Нәтижесінде 86 адам жауапқа тартылуы мүмкін.