Маңғыстау облысында карантин жеңілдеді

Маңғыстау өңірінде карантиндік шектеулер жеңілдетілді.

Жаңа қаулыға сәйкес, қалаішілік қоғамдық көліктер енді сенбі күні де жүреді.

«Ashyq» мобильді қосымшасын қолданатын кәсіпкерлік нысандардың жұмыс уақыты кешкі сағат 10-нан түнгі 12-ге дейін ұзарды. Сондай-ақ «көк статусы» бар келушілердің қонақүй, әуежай және теміржол вокзалына, жоғары немесе арнаулы орта оқу орындары мен жатақханаларға кіруіне рұқсат берілді. Статусы «қызыл» болған жағдайда, азамат әкімшілік жауапқа тартылады.