Алтай ауданы Средигорное ауылы қыста жылусыз қалуы мүмкін

Шығыс Қазақстан облысы Алтай ауданы Средигорное ауылындағы жалғыз жылу қазандығының жұмысы тоқтауы мүмкін.

Монополияға қарсы қызмет кәсіпорынға 75 миллион теңге айыппұл салған. Қазандық монополистер реестріне тіркелмей жұмыс істеген екен. Сондықтан соңғы 5 жылдағы кірістің бір бөлігін қазынаға қайтаруы тиіс. Жылу беретін мекеме басшылығы «бұл санкция кәсіпорынды банкротқа ұшыратады» деп алаңдайды. Осы орайда айыппұлды жеңілдетуді сұрап отыр. Қазандық Средигорное ауылындағы 30 екі қабатты үйге жылу береді. Қазір тараптар арасындағы дау Бас прокуратура мен Жоғарғы сотқа жіберілді. Ал тұрғындар қыс таяп қалғанда жылусыз қаламыз ба деп қорқады.

Анар Қажуқанова ,әлеуметтік қызметкер:

- Жалпы мендегі тізімде жалғызбасты қарттар, жарымжан жандар көп. Олардың арасында өз беттерімен қозғалуы қиын адамдар да бар. Сол кісілердің жайы не болмақ. Қайтіп от жағады, отын жарады. 

 Иван Дягилев, жылу қазандығының бас инженері:

- Біз алғашқы сот отырысының және аппеляция шешімімен келіспейміз. Барлық түсетін табысты алып алуға болмайды. Өйткені біз жылу энергиясын сатудан түскен қаржыға көмір сатып аламыз, салыққа да, еңбекақыға да  содан бөлеміз. Оның бәрін біз жүйелі түрде төлеп келеміз.

Сондай-ақ...