423,91 504.32 5.82
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

COVID-19 кезінде тұмау вирусы ауыр зардаптарға әкелуі мүмкін – дәрігер

  • 93
  • UPD: 10:05, 15.09.2021
COVID-19 кезінде тұмау вирусы ауыр зардаптарға әкелуі мүмкін – дәрігер astana.gov.kz

Елордада 2020-2021 жылдардағы эпидемиялық маусымда ЖРВИ-дің 25 252 жағдайы тіркелді, олардың 60%-ға жуығы – балалар. Бұл туралы онлайн брифингте Нұр-Сұлтан қаласының Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің орынбасары Жанна Пірәлиева мәлімдеді, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.

2021 жылдың басынан бері елорда тұрғындары арасында жіті респираторлық вирустық инфекциялардың 32 514 жағдайы тіркелген, оның ішінде 14 жасқа дейінгі балалар арасында ЖРВИ-дің 15 635 жағдайы анықталды.

«Соңғы аптада 1054 адам ауырып қалды, оның ішінде 14 жасқа дейінгі балалар – 531, 1 жасқа дейінгі балалар – 75. Алдыңғы аптамен салыстырғанда 32%-ға өсу байқалады (өткен аптада – 714 жағдай). ЖРВИ-мен сырқаттанушылықтың апталық көрсеткіші бақылау деңгейінен аспайды. 2020-2021 жж. соңғы эпидемиялық маусымда 25 252 жағдай тіркелді, оның ішінде 59,7% немесе 15 090 жағдай балаларға тиесілі», – деп хабарлады Жанна Пірәлиева.

Сонымен қатар оның айтуынша, соңғы эпидемиялық маусымда және 2021 жылдың қазіргі кезеңінде тұмау жағдайлары тіркелген жоқ.

Маусымдық тұмау эпидемиясы күзгі және қысқы айларда аурудың, ауруханаға жатқызудың және өлімнің айтарлықтай өсуіне әкелуі мүмкін. Тұмау вирусынан туындаған инфекция әдетте қалыпты және асқынбаған түрде жүрсе де, ол ауыр ауруға әкелуі мүмкін, әсіресе егде жастағы адамдарда, жүкті әйелдерде, ілеспе медициналық жағдайлары бар адамдарда және жас балаларда.

«Алдағы эпидемиялық маусымда күзгі және қысқы айларда жалғасып жатқан COVID-19 пандемиясындағы тұмау вирусының айналымы ауыр зардаптарға әкелуі мүмкін және ауру аралас инфекциямен (тұмау + COVID-19) асқынуы мүмкін. Тұмаудың алдын-алудың нақты әдісі – вакцинация. Егер уақытында вакцинацияланған болсаңыз, тіпті тұмау вирусын жұқтырған болсаңыз да, сіз аурудың ауыр ағымынан және одан әрі мүмкін асқынулардан арыласыз», – деп атап өтті ол.

Тұмауға қарсы вакцинацияға жедел фебрильді жағдайлар, созылмалы аурулардың өршу кезеңі, тауық ақуызына аллергиялық реакциялардың болуы және анамнезінде басқа тұмау вакциналары жатады.

Сонымен қатар, елорданың бас санитарлық дәрігерінің орынбасары тұмауға қарсы вакцинациядан бөлек, аурудан қорғану және алдын алу әдісі – адамдар көп жиналатын жерлерге баруды шектеу, қоғамдық орындарда кемінде 1-2 метр қашықтықты сақтау, үй-жайларды жиі желдету, дәрумендерді қолдану екенін еске салды.

Хабар 24 телеарнасы