ДДСҰ махаббатты психикалық ауру деп таныған жоқ

Қазақстандық пайдаланушылар Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы махаббатты психикалық ауытқуларға жатқызып, оны аурулар тізіліміне енгізгені туралы 10 жыл бұрынғы фейкпен бөлісуде.

Бұл туралы Stopfake.kz хабарлады.

Махаббаттың психикалық аурулар тізіліміне енгізілгені туралы ақпарат желіде 2010 жылы тараған.

Белгісіз авторлардың айтуынша, ДДСҰ бұл сезімді аурулар тізіліміне F63.9 нөмірімен алкоголизм, құмар ойындар, токсикомания және клептоманиядан кейін «Әдеттер мен құштарлықтың бұзылуы» тармағына енгізген.

Сонымен қатар, хабарламада аурудың белгілері де сипатталған: басқа адам туралы ойлар, көңіл-күйдің күрт өзгеруі, өзін-өзі жоғары бағалау, өзін-өзі аяушылық, ұйқысыздық және т.б.
Шын мәнінде, ДДСҰ-ның аурулардың халықаралық жіктемесінде F63.9 кодымен «Әдеттер мен құштарлықтың бұзылуы, нақтыланбаған» ауруы жазылған.

Аурудың клиникалық көріністері келесідей:

Психикалық бұзылулардың категориясы, оның негізгі белгілері адамға немесе басқа адамдарға зиян келтіретін іс-әрекетке итермелеуге қарсы тұра алмау болып табылады. Әдетте адамдар іс-әрекетке дейін қобалжу сезінеді, ал іс-әрекетті орындау кезінде ләззат алады, қанағаттанады немесе қобалжуды басады.

Негізгі белгілері импульске, әрекетке қозғауға немесе адамға зиян келтіретін әрекетке қарсы тұра алмайтын бұзылулар. Адамдар іс-әрекетке дейін қобалжу сезінеді және әрекетті орындау кезінде ләззат алады, қанағаттанады немесе қобалжуды басады.

Өз ниетін іске асыруға деген құштарлықпен және импульске немесе азғыруға қарсы тұра алмау қабілеттілігімен сипатталатын психикалық бұзылулар.

Айта кетейік, ғалымдар махаббаттың, ғашық болу сезімінің, махаббатқа тәуелділіктің әсерін зерттеуде. Романтикалық махаббаттың нейробиологиясы мен нейрохимиясы туралы бірқатар жарияланымдар бар. Бұл зерттеулерде «ғашық болудың» субъективті жағдайы мида болатын белгілі бір биологиялық реакциялармен тығыз байланысты деген қорытынды жасалды. Бірақ ДДСҰ махаббатты да, махаббат аддикциясын (тәуелділікті) да психикалық аурулар тізіліміне енгізген жоқ.

Сондай-ақ...