Алматыда карантин талаптары жеңілдейді

Алматының Бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшиннің карантин шараларын жеңілдету туралы жаңа қаулысы жарияланды, деп хабарлайды Хабар 24.

Қаулыға сәйкес, демалыс күндері Ashyq жобасы бойынша жұмыс істейтін кәсіпорындар 00:00-ге дейін жұмыс істейді. Ал Ashyq көшбасшылары түнгі 02:00-ге дейін қызмет көрсете алады.

Жұмыс күндері Ashyq объектілеріне 00.00-ге дейін, Ashyq лидерлеріне 02.00-ге дейін жұмыс істеуге болады.   

Қоғамдық тамақтану нысандары (мейрамханалар, асханалар және басқалар) жұмыс істейді, бірақ келушілер саны бір уақытта 70 адамнан аспауы керек.

Жаңа қаулыда спорт кешендері, спорттық- сауықтыру мен фитнес, йога орталықтарының жұмысына рұқсат берілді. Монша, сауна, СПА, бассейн қызметіне де рұқсат.

Қаулының толық мәтінін мына сілтемеден оқуға болады.