Сағынтаев Алматыдағы метро станцияларының атауын өзгертуді ұсынды

Алматы метросы станцияларының біріне Халық қаһарманы, аты аңызға айналған әскери қолбасшы Бауыржан Момышұлының есімі берілуі мүмкін.

Тиісті ұсынысты мәслихат сессиясында қала әкімі Бақытжан Сағынтаев білдірді. Ол «Достық» деп аталатын бекетті бұдан былай қазақтың даңқты қолбасшысының есімімен атауды ұсынды.

Айта кетейік, метро станциясы Бауыржан Момышұлы атындағы көшеге жақын орналасқан. Бұдан бөлек «Батыс автовокзалы» станциясын «Қарасай» деп атау жоспарланып отыр. Ұсыныс республикалық ономастикалық комиссияның қарауына жіберіледі.

Айта кетейік, «Достық» жыл соңында, ал «Батыс автовокзалы» бекеті 2025 жылы пайдалануға беріледі.