425,63 492.05 5.92
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

Түркістандық өрт сөндірушілер 3,5 тонна бензин құйылған цистерна жарылысының алдын алды

  • 117
  • UPD: 15:45, 20.09.2021
Түркістандық өрт сөндірушілер 3,5 тонна бензин құйылған цистерна жарылысының алдын алды

Түркістан облысының өрт сөндірушілері вагонда шыққан өртті сағат 14.04-те сөндірді, деп хабарлайды «Хабар 24» ҚР ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

 Онда 3,5 тонна бензин құйылған бензин бар болатын. Өртті сөндіруге Түркістан облысы және Шымкент қаласы ТЖД 47 қызметкері мен 10 бірлік техникасы, өрт сөндіру пойызы жұмылдырылды. Жедел жәрдем ақпараты бойынша мұнай базасының 2000 жылы туған бір қызметкерін күйік шалып, дәрігерлердің көмегіне жүгінген.

Бүгін сағат 12.45-те Түркістан облысы ТЖД жедел кезекші бөліміне Сайрам ауданы Ақсукент ауылында Ақсукент-Қарабұлақ жолы бойындағы бір вагонның жанғаны туралы хабарлама түсті.

Оқиға орнына тез арада Түркістан облысы ТЖД күштері мен құралдары №3 жоғарғы рангпен жіберілді.

Өрт сөндіру бөлімшелері оқиға орнына келген бойда «ҚазТрансойл» мұнай базасында цистерналарды толтыру кезінде цистерналардың біріндегі бензин жанған. Цистернадағы бензиннің алдын ала көлемі 3,5 тонна (құрамында саны 20 цистерна).

Хабар 24 телеарнасы