Екібастұзда жалақы көлемі 43%-ке өседі

2025 жылға дейін Екібастұз қаласының экономикасына 737 миллиард теңге инвестиция құйылады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Үкімет отырысында кентті дамытудың кешенді жоспары да қаралды. Елдің  ірі индустриялық және энергетикалық орталығы – Екібастұзда 17 мыңға жуық жаңа жұмыс орны ашылмақ. Ал жалақы көлемі 43%-ке өсіп, 300 мың теңгеден асады. Инженерлік коммуникация, индустрия, көлік және тұрғын үй инфрақұрылымы, әлеуметтік сала мен экологиялық проблемаларды шешуге бағытталған 114 жоба жүзеге асырылады. Сондай-ақ өңірде темір жол кластерінің өнімдері, ферроқорытпалар, жабдықтарды жөндейтін зауыттар салынбақ.