Қазақстанда вакцина салдырған қанша адам қайтыс болды?

Елде эпиджағдай жақсарып келеді. 6 млн қазақстандық толық вакцина алған. Халықтың белгілі бір бөлігінде иммундық қабілет қалыптасты.

«Эпидахуал және дағдарыс кезінде бизнесті қолдау, олардың қауіпсіздігін қамту маңызды. Той-думан өткізуге рұқсат берілгенімен оның нақты талабы барын ұмытпаған жөн», - дейді Денсаулық сақтау министрі.

Талап сақталуын санитарлық-эпидемиологиялық бақылау қызметі қадағалайды.

Биыл 1 ақпаннан тамыз айының соңына дейін вакцина алған 482 адам қайтыс болды. Бұл жалпы коронавирустан көз жұмғандардың 5 проценті. Солардың 23-і «CoronaVac», 371-і «Спутник V», тағы 75-і «Vero Cell» және 13 адам отандық «QazVac» екпесін салдырған.