«Алтынемел» ұлттық паркінде қар барысы фотокамераға түсіп қалды

Алматы облысындағы «Алтынемел» мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің аумағын қар барысы мекендейтіні анықталды.

Бір ай бұрын қойылған фотокамераға мысық тұқымдас аңның бір тобы түсіп қалған.

Ғалымдардың пікірінше, бұл ерекше жағдай. Өйткені осыған дейін барыстар теңіз деңгейінен 4000-5000 метр биіктікте ғана тіршілік етеді деген түсінік болды. Фототұзақтың көмегімен олардың 1000-1200 метрге дейін түсетіні белгілі болды.

Сондай-ақ...