Павлодарлық азамат төрт жасар қыздың өмірін құтқарып қалды

Павлодарлық азамат мәскеулік 4 жастағы қызға екінші өмір сыйлады.

30 жастағы Ержан Досымжанов – бірнеше жыл бойы қан доноры. Жай ғана донор емес, гемото-этикалық бағаналық жасуша доноры. Мамандардың айтуынша, бүлдіршінге қажет болған жілік майы 10 мың адамның ішінде біреуінен ғана табылады. Бұл жолы екеуінің бағаналық жасушасы 100 процент сәйкес келген. Мәскеулік кішкентай тұрғын иммуно-тапшылық дертіне шалдыққан екен. Қазір сауығып келеді. 

Ержан Досымжанов, донор:

– Мені донорлар регистріне тіркеді. Содан бері донорлар регистрінде тұрмын. 2019 жылы маған елордадағы трансфузия орталығынан хабарласты. Маған бір қызға донор болуға мүмкіндігім бар екендігін айтты. Бір адамға өмір сыйлағаным үшін өте қуаныштымын.

Айта кетейік, біздің елде гемото-этикалық жасуша реестрі, осыдан тоғыз жыл бұрын құрылды. Осы уақыт аралығында павлодарлық донорлар 600-ге жуық жасушы үлгісін жіберген. Биылғы жылы қан арқылы 66 материал алынып, республикалық орталыққа тапсырылды. Ал елде жасуша транс-плантациясына жыл сайын 300-дей науқас мұқтаж болады.

Мүсілім Сұлтанов, облыстық қан орталығы директорының міндетін атқарушы:

– Бағана жасушалараның сәйкес келуі – өте сирек кездесетін құбылыс. Клиникалық тәжірибеде сараптамалар 100 проценттік сәйкестікті көрсетті. Әдетте туыстық қарым қатынастағы адамдардың ғана жілік майы бірдей болады. Жасуша трасплантациясы сәтті өтті. Реципиенттің жағдайы жақсарды.