Оралда көпшілік іс-шараларды өткізу тәртібі түсіндірілді

Батыс Қазақстан облысында соңғы тәулікте тағы 77 тұрғыннан қатерлі індет анықталды.

Қазір аталған өңір «сары аймақта». Соған сәйкес, көпшілік іс-шараларды ұйымдастырушылар тек 70 адамға дейін қонақ шақыра алады. Мейрамхана мен дәмханаға келушілер «Ашық» қосымшасынан міндетті түрде өтуі тиіс. Егер санитарлық талаптар бұлжытпай орындалса, мұндай орындар біртіндеп жасыл аймаққа тән жеңілдіктерді пайдаланады, дейді мамандар. Ал бұл талаптар бұзылған жағдайда ойын сауық орындарының иелері айыппұл төлейді. Жаз басталғалы бері «қызыл статуста» бола тұра мейрамханаға кірмек болған тұрғындарға 6 миллион теңге көлемінде айыппұл салынды.

Бақыт Есенбаева, кәсіпкер:

- Менің жұмысшыларым бәрі вакцина алды. Өзім де вакцина алдым. Жұмысымызды істесек деген ойдамын. Тағы тоқтап қалмай ма деген қорқыныш бар біздерде. 

Гүлдана Кереева, қалалық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының басшысы:

- Егер осы нысандардан Ашық бағдарламасының бұзушылықтары анықталған жағдайда жергілікті әкімдік рейд жүргізіп, өкілетті орган бұл нысандарды Ашық программасынан алып тастауға құқылы.

Сондай-ақ...