Нұр-Сұлтан тұрғыны кассир қызды тұншықтырып, ақша талап еткен

Нұр-Сұлтанда микроқаржылық ұйымды тонамақ болған 34 жастағы күдікті ұсталды, деп хабарлайды «Хабар 24» Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Департамент мәліметінше, күндізгі уақытта маскадағы күдікті клиент ретінде микроқаржылық ұйымға келген. Кеңседе тек кассир барын көрген соң, одан ақша талап етіп, тұншықтырмақ болған. Кассир қыз дабыл батырмасын басып үлгерді. Алайда күдікті дереу қашып шыққан.

«Тексеріс барысында ер адамның қылмыс жасағаннан кейін аялдамаға барып, автобусқа отырғаны белгілі болды. Ол қоғамдық көлікте QR-code арқылы төлем жасаған. Осылайша оның кім екені анықталды», – деп жазылған департамент хабарламасында.

Қазір Қылмыстық кодекстің 191-бабы («Тонау») бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Күдіктінің бұрын жасалған қылмыстырға қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр.